Тұрсынбек әйеліне Өнер-білім орталығын ашып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада әзіл-сықақшы Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанованың Өнер-білім орталығы ашылды.

"ММ Орталығының" салтанатты ашылуына қарапайым жұртшылықпен бірге қазақ эстрадасының жұлдыздары, танымал қоғай қайраткерлері қатысты.

М.Мұқанованың Орталықты ашудағы мақсаты - балалар мен жастардың бойындағы дарынды анықтап, шыңдау. Сөйтіп, келешекте өнер мен білім айдынына алғыр шəкірттерді қосу. «Болашақта зерек əрі өнерге бейім балаларды қалалық, республикалық үлкен сахналарға шығару жоспарда бар. Өнер əлеміндегі жастардың қатарын толықтырғымыз келеді», - дейді ол.
Ал: «Үйде, бала тәрбиелеп отырған Мөлдір қалайша орталық ашты?», - деген сауалға ол: «Төрт бала болғаннан кейін үйде отырған келіншек болып есептеледі. Бірақ, мен үйде отырған келіншек емеспін», - деп жауап қайырды.

Белгілісі, Мұқанова Орталықты тек басқарып, қадағалап отырады. Ал, сабақты тəжірибелі мамандар беретін болады.

Астананың сол жағалауында орналасқан үш қабатты әсем ғимаратта әр үйірмеге арналған жеке-жеке бөлмелері, залдары бар. Оқытуға қажетті құрал-жабдықтар, соның ішінде музыкалық инструменттер толығымен қамтылған. Мұндай Орталықты ашуға қанша қаражат жұмсалғандығын М.Мұқанова айтқысы келмеді.

«Шағын бюджетті айтсам, өтірік айтқан боламын. Үлкенірек етіп айтсам, мақтанған боламын. Сондықтан ол жағын құпия қалдырайын», - деп түйді ол.

Балаларға ұсынылатын үйірмелер мен курстар: хореография (халық биі, hip-hop, waacking, breakdance, сальса, бачата); вокал; актерлік шеберлік; музыкалық аспаптарда ойнау (домбыра, гитара, флейта, пианино); киім дизайні, пішу жəне тігін; сурет салуды үйрену; тіл мектебі (ағылшын, түрік, қытай); математика және ментальды арифметика; физика; ата-аналарға арналған курстар (баланың бойындағы көшбасшылық дарынды дамыту); кəсіптік бағдар (туа біткен дарынды айқындап,оны шыңдау) жəне т.б.

 






Соңғы жаңалықтар