+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Тұрсынбай Құлахмет: Жанкүйерлер Әбілхан Аманқұлмен жекпе-жекті күтті

2019 жылғы 22 шілде 09:08
Бөлісіңіз:
Тұрсынбай Құлахмет: Жанкүйерлер Әбілхан Аманқұлмен жекпе-жекті күтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда өткен бокстан Президент кубогында биылғы Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахмет топ жарды. Ол 75 келіде қарсылас шыдатпай, турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық Ұлттық құрама боксшылары Нидерландта бақ сынады Головкин - «Канело» трилогиясын ұйымдастыру бойынша жаңа мәліметтер пайда болды Бокстан Азия чемпионатының жартылай финалында 15 қазақстандық өнер көрсетеді

Дегенмен боксшы әлі де кемшіліктер бар екенін жасырмайды.

«Президент кубогы турниріне осымен екінші рет қатысып отырмын. Осыдан бір жыл бұрын да дәстүрлі турнирде бақ сынаған едім. Биыл жеңімпаз атанудың сәті түсті. Турнирде өткізген төрт жекпе-жек те оңай болған жоқ. Әсіресе, финалдық бәсекенің қиын соққаны рас. Дегенмен, өз жеріміздегі додада намысқа тырысып, бар шеберлігімді салдым. Менің салмағымда біраз мықты спортшылар өсіп келеді. Олардың ешқайсысын бөліп-жармаймын. Бірақ бәсекелестіктің жоғары екенін мойындау керек. Көпшілік жанкүйер Әбілхан Аманқұл екеуміздің кездескенімізді қалады. Өкінішке қарай, Әбілхан кубоктық дода қарсаңында жарақат алып, жарысқа қатысқан жоқ. Әбілхан болмаса да, басқа қарсыластармен жұдырықтасу оңайға соқпады мен үшін. Әлі кемшіліктер мен қателіктер бар. Оны жеке бапкерім де, ұлттық құрама бапкерлері де айтып жатыр», - дейді Тұрсынбай Құлахмет.

Ол енді алдағы жарыстарға дайындалып, кемшіліктерді жою үшін жұмыс істейтінін айтады. Сонымен қатар, бокшысының пікірінше, биылғы Президент кубогы додасы да өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Бокс,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT