Тұрсынбай Құлахмет бокстан әлем чемпионатынының жартылай финалына өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екатеринбургте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет те жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Т.Құлахмет ширек финалда 75 келіге дейінгі салмақта армениялық Арман Дарчинянмен кездесті.
Тұрсынбай алға ұмтылған қарсыласын тосып алып, жұдырығын жиірек жұмсап, аяқпен де жылдам қимылдай білді.
Төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті Т.Құлахметке берді.
Тұрсынбай Құлахмет бұған дейін чехиялық Милош Бартлды және америкалық Хавьер Мартинесті жеңген болатын.
Бұл салмақтағы 2017 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл жарақаттанып қалғандықтан, биылғы Азия чемпионатына Т.Құлахмет барып, чемпион атанған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтардың ширек финалда кімдермен кездесетінін, Сәкен Бибосыновтың бірінші болып жартылай финалға өткенін жазған болатынбыз. Ол да армениялық спортшымен жұдырықтасқан еді.
- Көкшетаулық би жұбы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
- Ақтөбеде қазақ күресінен Әлем чемпионаты басталды
- Ямайкалық бойжеткен «Әлем аруы 2019» атанды
- 63-ті еңсерген ардагер бильярдшылар өзара мықтыны анықтауда
-
Ибрагим Ескендір қарсыласын нокаутқа жіберіп, IBA Asia титулын иеленді⠀
-
Футболдан қыздар құрамасы ФИФА рейтингінде өз орнын сақтап қалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам