Туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидалары өзгермек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларына» өзгеріс енгізу ұсынылды. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзгерістерге сәйкес, субсидия алу үшін енді туристік операторлар шетелдіктен жолаушы купонын талап етпейді. Сонымен қатар, бұрын болған шетелдік туристің жеке басын куәландыратын құжат, Қазақстан шекарасын кесіп өткенін растайтын парақтардың көшірмесі туралы нормалар алынып тасталған.

«Қағиданың 3-тармағы шетелдік туристердің кемінде үш туристік ресурсқа (туристік орын) бару фактісін растайтын фото және бейнетіркеу материалдары редакциясымен толықтырылсын. Туроператорлардан түскен өтінімдерді уәкілетті орган тіркейді және олар екі жұмыс күні ішінде құжаттың толықтығын қарайды», - делінген жаңа өзгеріс енгізілгелі отырған құжатта.

Айта кетейік, қазіргі қолданыстағы туристік операторлардың шығандарын субсидиялау қағидасында мұндай нормалар жоқ.

Фото: flylowcost.com.ua


Соңғы жаңалықтар