Турниктен жерге түспей киін: Өрт сөндірушілер ерекше челлендж бастады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының құтқарушылары турниркке тартылып тұрып, өрт сөндірушілер костюмін кию челленджін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Позитивті видеочеллендж #BATYRLAR деп аталады. Шарт бойынша турниктен жерге түспей арнаулы киімді, жабдықтарды кию қажет.

Челленджге үн қосқан алғашқы кейіпкер № 5 өрт сөндіру бөлімінің командирі Дастан Қастретов болды. Видео Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Карантин кезінде халықтың көңіл-күйін көтеруге бағытталған челленджге үш өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қатысып, видеоларымен бөліскен.


Соңғы жаңалықтар