Тұрмыстық зорлыққа қатысты жауапқа тартылғандардың 80 пайызы еш жерде жұмыс істемегендер

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапқа тартылғандардың 81% -ы еш жерде жұмыс істемегендер. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы бес жылда әйелдер мен балалардың құқықтарын бұзатын қылмыстар саны екі есеге азайды. Сонымен қатар, карантин және қатаң оқшаулау жағдайында тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасы күшейе түсті. Мұндай жағдай қазіргі кезде көптеген елде болып жатыр. Өткен жылдың соңында осындай қылмыс саны 4,7% өсті», - дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк.

Оның айтуынша, тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санымен салыстырғанда отбасылық қылмыстың үлесі аз, бар болғаны 1% құрайды.

«Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының 50% -дан астамы – әйелдер болса, 6,4%-ы – кәмелетке толмағандар. Әдетте, мұндай құқық бұзушылықтардың жартысы мас күйде жасалады. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапқа тартылғандардың 81% -ы еш жерде жұмыс істемегендер», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар