Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қалай өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі былапыт сөйлеу, қорлау, кемсіту және отбасындағы ұрып-соғу үшін әкімшілік жаза түрлері өзгеріске ұшыраған заң нормасын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның түсіндіруінше, енді «жанжалдар» үшін үш тәулікке емес, бес тәулікке (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы) қамауға алынады. Яғни, жауапкершілік күшейтілді. Бұл құқық бұзушылықтың алдын алу және зардап шеккендерді қорғау үшін жасалған. Ал қол жұмсау және денегі зақым келтіргені үшін әкімшілік қамауға алу бұрынғыша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1, 73-2 баптарына сәйкес 20 тәулікке дейін қалды.

«Бұл баптардағы айыппұл түрлері ескерту берумен алмастырылды.

Мұндағы логика қарапайым. Бұрын «жанжалқой» отбасылық бюджеттен айыппұл төлейтін. Одан әйелі мен балалары зардап шекті.

Сонымен қатар, ескерту – жазаның баламалы түрі ғана екенін білу маңызды. Егер екінші рет болса, онда ескерту болмайды. Бұл жағдайда сот 20 тәулікке дейін қамауға алынады. Барлығы нақты істің мән-жайына байланысты», - деп атап өтеді министрліктен.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы іс-әрекеттерді (ӘҚБтК 73-бабы) және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ӘҚБтК 73-1-бабы) немесе ұрып-соғу (ӘҚБтК 73-2-бабы) әрекеттерін алғаш рет жасаған адамдарды, егер олар жәбірленушілермен, арыз берушілермен татуласса және келтірілген зиянның орнын толтырса, тек сот қана жауапкершіліктен босатуы мүмкін. Енді осындай фактілер бойынша барлық істі полиция сотқа жібереді.

Егер үнемі ұрып-соғу болса, онда ҚК-нің 110-бабы (азаптау) қолданылады. Аталған баптың бірінші бөлігіне сәйкес 2 жылға дейін, ал екінші бөлігінде 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.



Соңғы жаңалықтар