Тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендердің 63 пайызы арыз жазудан бас тартады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер органдарында жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия құрылмақ. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші негізгі талқылау тақырыбы отбасы-тұрмыстық қатынастар және әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстық жауапкершілікке тарту болды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі», - деді министрлік өкілі.

Оның мәліметінше, жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 68 мыңнан астам хабар келіп түскен.

Алайда, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының 63 пайызы жәбірлеушісіне арыз жазудан бас тартады.

Кездесу барысында тараптар бұл мәселені шешу жолдарын талқылап, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелерін қарастырды.

«Жиында қаралған екінші маңызды мәселе – заманауи технологиялардың көмегімен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жыл басынан бері еліміздің жолдарында 5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болып, 744 адам қаза тапты, 6909 адам жарақат алған. Қонақтарға Ішкі істер министрлігінің талдау орталығының мүмкіндіктері көрсетілді. Үшінші мәселе – жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия құру. Кездесуге қатысушылар өз пікір-ұсыныстарын жеткізді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар