Тұрмыстық зорлық-зомбылық көбінесе отбасылық жанжалдан басталады – ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк азаматтарға арналған психологиялық қызмет желісін жетілдіру керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде психологиялық қызмет желісін жетілдіре түсу керектігіне мән бергіміз келеді. Егер адам қиын жағдайға тап болса, ол қайда хабарласып, кімнен көмек сұрарын білмейді. Осыған орай бұл мәселені бақылауда ұстау керек. Проблеманы уақытылы анықтап, шешімін тапқан абзал», - деді Алексей Милюк Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмысы бойынша өткен жылдың 1-ші тоқсанымен салыстырғанда биыл өзгеріс жоқ.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық отбасылық жанжалдан басталады. Оның бірнеше себебі бар. Әлеуметтік жағдайдың төмендігі, отбасы табысының аздығы, жұмыссыздық, ішімдік ішу тағы сол сияқты», - дейді ол.

Бұған дейін аталған ведомстводан елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайтындардың 54 пайызы нәзік жандар, ал қалғаны ерлер екені айтылды.



Соңғы жаңалықтар