Тұрмысты арттыру жобасына барлық ауыл қатысады – Асқар Мырзахметов

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту мақсатында он ауылдық округте қолға алынған жобаның пилоттық кезеңі қызу жүзеге асуда. Келесі жылы өңірдегі барлық елді мекенді қамту жоспарланған. Бұл туралы бүгін облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы Асқар Мырзахметов Байзақ ауданында азаматтарды жеке қабылдау барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінде Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы жалпы өңір халқының арасында кең қолдауға ие болуда. Ілкі жобаға енген он ауылдық округтен бөлек басқа да елді мекендердің тұрғындары игі бастамаға қызығушылық танытып, ол бойынша жұмыс жасауға жоғары ниеттерін білдіруде.
Партияның аудандық филиалының ғимаратында өткен қабылдауға ауданның бес тұрғыны қатысып, көкейлеріндегі өзекті сауалдарын жолдап, орамды ой-пікірелерін ортаға салды. Айталық, Түймекент және Қызыл жұлдыз ауылдық округінің тұрғындары Жомарт Мұхамбетжанов пен Асылбек Өмірзақов ауылдықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаның маңыздылығына көңіл бөліп, өз округтерінің жобаға қашан енетінін сұрап, ауылдастары да жоба аясында тер төгіп, тұрмысын тіктеуге асық екенін жеткізді. Түймекенттік Жомарт Мұхамбетжанов ауылдастарының мал шаруашылығына бейім, үй іргесіндегі жерлерді тиімді игеріп, екі айналымда өнім алуға дайын екендігін айтып, тек қолдау болса деген ниетін білдірді. Ал, қызылжұлдыздық Жомарт Мұхамбетжанов өз округінде кооператив құрып, тиісті жұмыстарды бастап кеткенін айтты.
Асқар Мырзахметов жобаның бүгінде пилоттық режимі жүзеге асып жатқаның атап өтіп, тиісті қаражат қараша айының басында түсетінін тілге тиек етті. Он ауылдық округтегі пилоттық жоба өз нәтижесін берсе, келер жылы өңірдегі барлық елді мекен түгелдей қамтылатынына назар аудартты. Сондай-ақ, өңір басшысы жауапты тұлғаларға барлық ауылдық округтердің жобаға дайындығын барлап, пысықтауды бүгіннен бастауды, ол үшін жұмыс жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Қоғамдық қабылдауға жазылған өзге де тұлғалар түрлі әлеуметтік мәселелерді көтерді. Сарыкемер ауылының тұрғыны, зейнеткер Қыдырәлі Оралов тұрғын үй салу үшін жер кезегінде тұрғандардың өтінішін білдіріп, жер телімдерін беру мәселесін шешіп беруді сұрады.
Ауылдың Бас жоспарына сәйкес елді мекен шегін кеңейту мақсатында
Қабылдауда байзақтықтар ауызсу, газ тарту мәселелерін де көтеріп, нақты жауаптар алды. Айта кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдағы уақытта басқа да аудандарда жалғасады.
- Жамбылда жыл басынан бері 140-тан астам көлік өртенген
- Таразда латын әліпбиін үйрететін онлайн-бағдарлама жасалды
- Жамбыл облысының 80 жылдығы: Жаңатаста 70 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді
- Жамбылда биыл қызылша жинаудан рекордтық көрсеткіш тіркелді
-
Тараздық экономист мамандығын ауыстырып, бүркіт баптап жүр
-
Жамбылда тұрғын үй кезегінде жоқ адамдар мемлекеттен тегін пәтер алған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам