Түрмелерге есірткі мен діни әдебиеттерді өткізу фактілері анықталды - Бас прокуратура

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық атқару жүйесіне жүргізілген тексерістердің нәтижесін жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Лоскутованың айтуынша, түрмелерге заңсыз заттарды өткізу әрекеттері тыйылар емес. Мекеме қызмектерлері де аталған заң бұзушылықтарға жиі атсалысып жатады.

"2017 жылы 503 ұялы телефон мен бір келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Тыйым салынған заттарды көп жағдайда мекеме қызметкерлерінің өздері кіргізіп жатады. Мәселен, прокурорлар Тараздағы мекеменің режимдік бөлім бастығының орынбасарының есірткі жеткізу әрекетін әшкереледі. Орал мен Ақмола облысының Аршалы ауданында колония қызметкерлері 9 ұялы телефон өткізбек болған. Атырауда 2018 жылдың 19 наурызында және 3 сәуірінде "Еңбек-Атырау" республикалық кәсіпорын қызметкерлерінің екі рет мекеме аумағына тыйым салынған заттарды алып өтпекші болған. Олардан 33 ұялы телефон, Wi-Fi модем, есірткі және діни әдебиеттер тәркіленді. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді О.Лоскутова Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі кезде діни әдебиеттерге сараптама жасалып жатыр. Соның нәтижесі бойынша атаған кітаптардың мазмұны анықталады.

Соңғы жаңалықтар