Түрмеге жасырын камерасы бар көзілдірік кіргізілмек болған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті жедел бөлімінің қызметкерлері портативті камерасы бар ерекше сәлемдеменің колония аумағына кіруінің алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің телеграм каналына сілтеме жасап.

Сотталғандардың бірінің атына поштамен келген бандерольді тексеру барысында жасырын микро-бейнебақылау камерасы орнатылған көзілдірік тәркіленді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, материалдар процессуалдық шешім қабылдауға жолданды.

«Жыл басынан бері Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы келетін тыйым салынған заттарды берудің 20-дан астам әрекетінің жолын кесті. Көбінесе олар - есірткі заттары мен ұялы телефондар. Алайда, біз үшін мұндай ерекше құрылғының тәркіленуі алғаш рет болып отыр. Бұған дейін өңірде осыған ұқсас фактілер тіркелмеген», - дейді өңірлік ҚАЖ департаменті.

«Тосын сыйы» бар сәлемдеме ауыр және аса ауыр қылмыстар (адам ұрлау, бопсалау, терроризм) үшін 14 жылға сотталған жазасын өтеушінің атына келген.


Департаменттің мәлімдеуінше, ескертулер мен заңсыз іс-әрекеттерге қарсы жүргізілетін шараларға қарамастан, пенитенциарлық мекеменің аумағында пайдалануға тыйым салынған заттардың түсуі тоқтамай тұр.

Бұған дейін Қызылордада түрмеге палау арасына 3 телефон жасырып өткізбек болған адам ұсталған еді.


Соңғы жаңалықтар