Түрмеден шыққан педофилдің бұрынғы қылмысқа қайтып бармайтынына ешкім кепілдік бермейді - Бас прокуратруа

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченконың айтуынша, қазір түрмеде жыныстық қылмыс үшін сотталған бір мыңнан астам адам отыр. Алайда олардың бостандыққа шыққаннан кейін бұрынғы қылмысқа қайтып бармайтынына ешкім кепілдік бере алмайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

А.Кравченконың айтуынша, прокурорлар әлемдік тәжірибені, сондай-ақ осы саладағы ғылыми зерттеулерді зерделеп шықты. Сөйтсе, бүгінде сексуалдық қылмыстармен күресудің әмбебап жүйесі жоқ. Аталған проблема толығымен зерттелмеген. Дегенмен, педофилдік әрекетті алдын алудың екі жолы бар. Біріншіден, қылмыскердің әрекетін алдын ала болжап отыруға болады. Алайда ол үшін үлкен әлеуметтік-псиxологиялық дайындық қажет. Ал екінші әдіске сәйкес, баланың қауіпсіздік шараларына баса назар аударған жөн. Бірақ аталған әдістің екеуін де іске асыру үшін барлық адамдардың қоғам болып атсалысқаны қажет.

"Біз әрбір қылмысты жан-жақты зерделеп шықтық. Сөйтіп, жыныстық қылмыстармен күресудің негізгі мәселелерін анықтадық. Біріншіден, жыныстық қылмыстар үшін сотталғандармен жұмыс істеу керек. Қазіргі кезде ондай адамдардың псиxологиялық портреті жасалмайды. Біз олардың қылмысқа не себепті барғанын, қандай псиxологиялық ақаулықтың болғанын да білмейміз. Шетелде педофилдерді жан-жақты зерттеп, жасаған қылмысқа қайтып бара ма, жоқ па, осы мәселе терең зерделейді. Қазіргі кезде Қазақстан түрмелерінде адам зорлаған 1229  қылмыскер отыр. Бүгін бе, ертең бе, олар бостандыққа шығады. Бірақ олармен ешқандай профилактикалық жұмыс жүргізілмейді", - деді А.Кравченко бүгін Бас прокуратурада өткен жиында.

Осыған байланысты прокурорлар жыныстық қылмыс жасаған азаматтарды арнайы псиxологиялық тексерістен өткізіп, тиісті емдеу шараларын ұйымдастыруды ұсынып отыр. Ал дәрігерлердің кеңестері негізінде қылмыскердің жазаны өтеу мерзімін қарастыру қажет.

Соңғы жаңалықтар