Түрмеден шыққан ММА шебері қарсыласын нокаутқа түсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік аралас жекпе-жек шебері (ММА)  Александр Емельяненко түрмеден шыққаннан кейінгі алғашқы айқасында бразилиялық Джеронимо Дос Сантостан басым түсті.

Жекпе-жек 27 қыркүйекте Мәскеуде World fighting championship Akhmat (WFCA) турнирі аясында өтті.

Алғашқы раундта-ақ ресейлік қарсыласының басына бірнеше ауыр соққы дарытты. Дос Сантос сұлап түсті. Бірақ артынша орнынан өздігінен тұрғанын қарамастан төреші айқасты тоқтатты.

Бразилиялық біршама уақыт реферимен дауласып бақты, бірақ қорытындысында Емельяненко жеңімпаз болып танылды.  

Бұл ресейліктің  өз спорттық жолынағы 24-інші жеңісі. Ол жеті рет жеңілген. Ал Дос Сантос 20 рет сүрініп, 38 рет ұтқан.

 Еске сала кетсек, Емельяненко 2016 жылы үй қызметкері Полина Степанованы зорлағаны және оның төлқұжатын ұрлағандығы үшін сотталған болатын. Воронеж облыстық соты оның жазасын екі жыл түзеу жұмысына ауыстырды.

Мәскеудегі  Симоновский соты аралас жекпе-жек шеберін 2015 жылы 4,5 жылға бас бостандығынан айырып және 50 мың рубль айыппұл салған.

Соңғы жаңалықтар