Түрмедегі сотталғандар Алғыс айту хатын жазды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елімізде барша жұртшылық Алғыс айту күнін атап өтуде. Жазасын өтеп жатқан сотталғандар да назардан тыс қалған жоқ, деп хабарлайды ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕЦ-166/5 мекемесі (қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме) әкімшілігінің бастамасымен сотталған азаматтар туыстары мен жақындарына арнап алғыс хатын жазды. null

Темір тордың арғы жағында отырған адамдардың хатын оқып отырып, қаншалықты ауыр қылмыс жасаса да, олардың жүрегіндегі мейірім мен болашаққа деген үміт сәулесінің сөнбегендігі байқалады.

«..Бүгін алғыс білдіруге мүмкіндік бергендердің бәріне, қиын сәттерде жанымда болып, менен бас тартпағаны үшін жақындарым мен туғандарыма алғыс айтамын», - деп жазады сотталған А.Филатов.

Келесі бір хатта сотталған А. Оразқұлов,туған-туыстарына жазған хатында: «Ата-анаңдай бағып-қағып, бүкіл жағдайыңды жасап отырған мекеме жұмыскерлеріне шын көңіліммен ризашылығымды білдіріп, барлығына шын жүректен алғысымды айтқым келеді», - деп аяқтайды.

Әрбір хатта қиын кезеңде қолдау көрсеткені үшін ата-анасына, жақындарына және Елбасына бейбіт өмір үшін алғыс айтылған.

Өз кезегінде, сотталған азаматтар үшін жақындарының қолдауы, колония ішінде ұйымдастырылатын тәрбиелік іс-шаралар олардың түзу жолға түсіп, бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірінде қоғамға оңай сіңісіп кетуіне ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар