+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Түрмедегі педофилге есірткіні кәмпитке тығып өткізбек болған әйел ұсталды

2021 жылғы 28 маусым 22:00
Бөлісіңіз:
Түрмедегі педофилге есірткіні кәмпитке тығып өткізбек болған әйел ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Түрмеде жазасын өтеп жатқан педофилге есірткіні кәмпитке тығып өткізбек болған әйел ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні таратып жүрген тұрғын қолға түсті Апта ішінде елімізде 3 125 қылмыс жасалды - ІІМ Алматы облысындада көлік салонынан әуеге оқ атқан бұзақы ұсталды

Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адам Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/12 жоғары қауіпсіздік мекемесіндегі педофилге психотроптық заттарды кәмпиттердің ортасына тығып өткізуге тырысқан.

«2017 жылы азаматтық некедегі әйелдің кәмелетке толмаған қызына қатысты ерекше қатыгездікпен жыныстық қатынас жасаған сотталғанға тыйым салынған заттарды колонияға беруге тырысты. Қысқа мерзімді кездесуге келген әйел жазасын өтеушіге кәмпитке тығылған психотроптық заттарды алып барған. Алайда, жедел бөлімдегі тексеру тобының қызметкерлері бұл әрекеттің алдын алды.

Сотталғандармен және олардың туыстарымен тыйым салынған заттарды алып өту фактілеріне жол бермеу бойынша жүргізілген профилактикалық әңгімелесулерге қарамастан, азаматтар тыйым салынған заттарды беруді саналы түрде жалғастыруда.

Тек 5 айдың ішінде Алматы облысында пенитенциарлық мекемелерге ұялы телефондарды, спирттік ішімдіктерді, ақша қаражатын және есірткі заттарын әкелудің 10 - ға жуық фактісінің алдын алынды», - деді Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.

Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне тыйым салынған заттарды бергендер ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабында көзделген әкімшілік жазаға тартылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT