Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Түрмедегі бүлік: 20 тұтқын мен екі күзетші қаза тапты

2018 жылғы 8 қараша 16:23 1252
Бөлісіңіз:
Түрмедегі бүлік: 20 тұтқын мен екі күзетші қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстандағы түрмелердің бірінде болған бүліктен кем дегенде жиырма тұтқын және екі күзетші қаза тапқан. Бұл туралы бейсенбіде Agence France-Presse (AFP) агенттігі қауіпсіздік құрылымдарына сілтеме жасап хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда полиция қызметкері суға батқан әйелді құтқарып, өзі мерт болды Алматы облысының полицейі жоғалған қос бүлдіршінді аман-есен тауып берді

Тәртіпсіздіктер сәрсенбі күні кешкісін елдің солтүстігінде орналасқан Худжанд қаласындағы қатаң тәртіптегі түрмеде болған. Бұған дейін Reuters агенттігі 13 адам қаза тапқанын хабарлаған болатын.

AFP агенттігінің хабарлауынша, бүлік кезінде алты күзетші жараланған.

Мәліметтерге қарағанда, тұтқындардың бірі күзетшіге шабуыл жасағаннан кейін жаппай бүлік шыққан. Қала билігі түрмедегі келеңсіз жағдайды растаған, бірақ толыққанды ақпарат бермей отыр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Тәжікстан,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT