+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Түрмедегі бос өндірістік орындар кәсіпкерлерге беріледі – комитет

2020 жылғы 5 ақпан 15:27
Бөлісіңіз:
Түрмедегі бос өндірістік орындар кәсіпкерлерге беріледі – комитет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кәсіпкерлерді абақтыдағы сотталушыларды бірлесіп жұмыспен қамтуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атыраудағы әйелдер түрмесінде күніне 1000 медициналық маска тігіледі Қазақстан түрмелерінде 500-ге тарта шетел азаматы жазасын өтеуде Семейлік мемлекеттік қызметшілер түрмеде болып қайтты

Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Есқали Саламатов Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған дөңгелек үстелде айтты.

«Биыд Ішкі істер министрлігі ішінде Қылмыстық-атқару жүйесі жылы болып жарияланды. Біз ҚАЖ шеңберінде сотталғандарды жұмысқа орналастыруды басым бағыт деп белгіледік. Бұл мәселе өте маңызды. Қазіргі уақытта түрмеде жазасын өтеп жатқан 23,5 мың адамның 9 мыңы ғана жұмыс істейді, бұл 40% құрайды. 9 мың адамның 36% күніне бірнеше сағат қана жұмыс істейді, яғни формалды жұмыспен қамтылған. Біз бұл проблемамен шындап күресуге дайынбыз», - деді Е. Саламатов елордада ЕС – 166/10 мекемесінде өткен дөңгелек үстелде.

Бүгінгі таңда түрмеде отырған 7,4 мың сотталушы мемлекет пен жәбірленушілерге 296 миллиард теңге қарыз. 2019 жылы оның 1,5 млрд теңгесі ғана төленген.

«Сондықтан біздің басты міндетіміз – сотталғандардың жұмыс істеп, қарыздарын төлеуі үшін барынша жұмыспен қамту. Талдау нәтижесі көрсеткендей, жұмыспен қамтылған сотталушының проблемасы аз. Жұмыс істейтін адамдар шағым жазбайды, ақша табады, қарызын төлеп, отбасыларына көмектеседі және олардың шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығатын мүмкіндіктері көп. Жұмыссыз сотталушылар да жұмыс істегісі келеді. Сауалнама жүргізгенде, тұтқындардың 99% жұмыс істеп, отбасыларына көмектескісі келетінін айтқан», - дейді спикер.

Оның айтуынша, соңғы он жылда Қазақстандағы түрмелер саны 2 есеге азайған.

«2010 жылы еліміздегі түрмелерде 63,5 мың сотталушы жазасын өтеген. Қазір тергеу изоляторларымен бірге есептегенде 29 мыңға жетеді. Мұндай жетістікке кез келген ел қол жете бермейді. Бұл жылдары заңнама ізгілендірілді, Кодекс қабылданды, пробация қызметі құрылды, бірнеше мекеме қысқарды, қаржыландыру жақсарды. Түрмедегі адамдар индексі бойынша, яғни сотталғандар саны бойынша Қазақстан шамамен 100-орында тұр. Ал 2010 жылы Қазақстан бұл көрсеткіште 13-орында еді», - деді Е. Саламатов.

Сонымен бірге, Е. Саламатов кәсіпкерлерді ҚАЖ жүйесіндегі бос өндірістік алаңдарда жұмыс істеуге шақырды.

«Қазіргі уақытта түрмелерде 390 мың шаршы метр өндірістік алаң бар, оның 110 мың шаршы метрі бос. Бос орынға сотталғандарды жұмысқа алуға және жалақы төлеуге дайын кәсіпкерлерді шақырамыз. Әрине, кәсіпкерлердің мекеме әкімшілігімен, «Еңбек» РМК өкілдерімен тіл табыса алмайтын сәттері болады. Сондықтан, жақын арада біз ҚАЖ комитетінде қылмыстық-атқару жүйесінде жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қорғау кеңесін құрамыз. Біз әр кәсіпкерді қорғауға аламыз, әрқайсысымен өзара көмек туралы меморандум жасасуға дайынбыз», - деді ҚАЖ өкілі.

Өз кезегінде «Dandmard» ЖШС директоры Мұхтар Кәрібаев 13 сотталушыны жұмыспен қамтып отырғанын жеткізді және олардың санын тағы арттыруды көздеп отыр.

«Бүгінде бізде арнайы костюмдер, әскери жабдықтар шығаратын төрт шеберхана бар, оған қоса шұлық өндірісін де қолға алдық. Бізде 13 сотталған адам жұмыс істейді, олардың 12-сі ер адам және біреуі әйел. Қазір олар тәжірибеден өтіп, өз мамандықтары бойынша білім алуда. Алдағы уақытта жүз адамға дейін жұмыспен қамти аламыз. Атап айтқанда, бұл адамдар цехта жұмыс істейді. Олардың тасымалын өз жауапкершілігімізге алдық. Таңертең қанша адам шыққанын тіркеп, алып кетеміз, тамақтандырамыз және кешке әкелеміз. Мүмкіндік болса, біз түзету мекемесінде өндіріс ашуға да дайынбыз», - деді кәсіпкер.

Сонымен бірге, «Астана-Зеленстрой» ЖШС, «ПИК ЮТАРИЯ ЛТД» ЖШС, «Астана Тазалық» ЖШС, «BAZIS Construction» ЖШС сотталушыларды монолитші, газ электр дәнекерлеуші, инженер, құрылысшы, слесарь, электрик, жүргізуші, тазалаушы, тігінші, сантехник кәсіптері бойынша жұмыспен қамтуға дайын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT