Түрмедегі әйелдер мерекені атап өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Шымкенттегі  әйелдер түрмесінде мерекелік шара аталып өтілді.  Қатаң тәртіптегі колонияда  жазасын өтеп жатқан нәзікжандылар 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған байқауда бақ сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Шымкенттегі ИЧ167/4 түзеу мекемесіндегі өткен байқауға 10 жазасын өтеуші  қатысып, «Үздік аспаз» және «Үздік тігінші» анықталды. Өнер сайысында сотталғандар бір сәт түрмені ұмытып, ән айтып, би биледі. Бірі - тағамның түр-түрін пісірсе, енді бірі сәнді кимі үлгілерін жұртшылық назарына ұсынды. Шара барысында қатаң тәртіпке бағынып жүрген арулар осылайша өзара сынға түсіп, өнерден кем еместіктерін аңғартты. Көпшіліктің  көңілін бір марқайтып тастады. Абайсызда кісі өлтірген Мейрамгүл Нұрбекова да бүгінгі байқауға қатысып жүлделі орын алды. Он саусағынан өнер тамған жан түзеу мекемесінде биыл 4-ші жыл отыр. Осында аспаз болып жұмыс істейтін ол 8  наурыз күні темір тордағы қыз-келіншектер де  ескерусіз қалмайды,- дейді.

 Айта кетейік, қазір бұл мекемеде 200-ден астам қыз-келіншек жазасын өтеп жүр. Олардың 70 пайызы жұмыспен қамтылған. Еңбегіне қарай жалақы да алады. Ал, бүгінгі шара олардың жігерін шыңдап, қоғамдық өмірге бейімделуіне оң ықпал етпек.

2 3 4 5 6 

Соңғы жаңалықтар