Түрмеде зорланған әйел ісі: Әділет полковнигінің жазасы жеңілдеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда түрмеде зорланған әйел ісінен соң 5 жылға сотталған бұрынғы түрме басшысының міндетін атқарушы, Әділет полковнигі Омарбеков Ермектің жазасы жеңілдетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сотталушының денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қорғаушысы  қалалық соттың апелляциялық коллегиясына арыз түсірген болатын. 

Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, апелляциялық соттың төрағасы Түрксіб аудандық соты шығарған үкімді өзгертіп, Омарбеков Ермекті ҚР ҚК 361-бабы 2-бөлімі,  ҚР ҚК 370-бабының 4-бөлімі бойынша түпкілікті 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс жасау құқығынан айрылды. 

Сотталушы жазасын 2017 жылдың 8 шілдесінен бастап өтеп жатыр.

Айта кету керек,  2015 жылы түрме қызметкері Руслан Хакимов зорлап, одан бала тудым деген Наталья Слекишина сол кездегі уақытша ұстау мекемесінің басшысы Ермек Омарбековке оқиға туралы арызданған. Алайда ол ешқандай әрекет жасамаған. Келіншек көп ұзамай дүниеге бала әкелді. ДНҚ сараптамасы бойынша баланың әкесі түрме қызметкері Руслан Хакимов екені анықталды. Оның кінәсі дәлелденіп, 9 жылға түрмеге қамалған болатын.

Кейін Түркісіб аудандық сотында Ермек Омарбековке қатысты сот үкімі шыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар