Түрмеде жазасын өтеп жүріп жұмыс істейтіндер қанша жалақы алады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда сотталушының жазасын өтеп жүріп жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. Айлық көлемі 25-80 мың теңге аралығында, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап.

«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері аумағында 241 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Онда 3 мыңнан астам сотталған жұмысқа орналасқан. «Еңбек», «Еңбек-Өскемен» РМК-да және шағын, орта бизнес субъектілерінде жұмысқа орналасқан жазасын өтеушілерге келісімді еңбекақы төленеді. Жалақы мөлшері орындалған жұмыс көлеміне байланысты. Мәселен, сотталып жұмыс істеп жатқандар 25 мыңнан 80 мың теңгеге дейін айлық алады. Ал шаруашылық қызметте еңбек етіп жатқан азаматтарға 30 мыңнан 75 мың теңгеге дейін жалақы белгіленген», - делінген комитет хабарламасында.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталған адамның міндетті қарызын өтеу сомасы табысының 50%-нан аспауы тиіс.

«Егер жалақы 25 мың теңге болса, оның 12,5 мың теңгесі талапты өтеуге кетеді. Осылайша жылына бұл сома 150 мың теңгені құрайды. Әрине, жазасын өтеушінің қарызы ірі көлемде болса, оны түрмедегі жұмыспен өтей алмайды. Жалпы сотталушылардың дені жазасын өтеу кезінде жәбірленуші және мемлекет алдындағы қарызын өтеп үлгереді. Қарызды тез жабуға сотталушылардың өздері де мүдделі. Себебі қарызы жоқ болса, мерзімінен бұрын бостандыққа шығу мүмкіндігі бар», - дейді ведомстводан.



Фото: radiovan.fm





Соңғы жаңалықтар