Түрмеде терроризмді насихаттаған адам тағы 6 жылға сотталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздырған азаматқа қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қылмыстық мекемеде алауыздықты қоздырған «Е» есімді азамат ҚР ҚК 174-бабы және 256-бабы 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып 6 жылға сотталды. Бұл үкімді Ақтөбе қаласының №2 соты шығарған» ,- делінген хабарламада.

Айыпталушы адам 2015 жылдан бері экстремистік қылмысы үшін жазасын өтеп келген. Осы уақытқа дейін радикалды идеологияны ұстанып, оны түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында насихаттаған.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енді.


Соңғы жаңалықтар