ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрі Бакуде өнер көрсетті

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Бакудегі М.Магомаев атындағы Әзербайжан мемлекеттік филармониясының сахнасында ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрі концерт қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТҮРКСОЙ оркестрі бұған дейін Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Аустрия, АҚШ, Германия, Албания, Босния және Герцеговина, Франция, Италия сияқты көптеген елдерде концерт қойған.
ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтің айтуынша, концерт оркестрдің Қазақстан, Қырғызстан және Әзербайжан елдеріне жасаған үлкен турнесі аясында ұйымдастырылды.


«Турне Түркі кеңесінің 10 жылдығына арналды. 27 тамызда басталған гастроль аясында Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы, Бішкек қалаларында болдық. Қорытынды концерт Бакуде болды. Оркестрге Ренат Салаватов (Татарстан, Ресей) пен Әнуар Акбаров (Қазақстан) жетекшілік етеді. Гастроль барысында оркестрге әзербайжан дирижері Мұстафа Мехмандаров та жетекшілік етті», - деді Бас хатшы.


Оркестр келер жылы он жасқа толады. Соған орай Еуропаға, сәті түссе АҚШ-қа сапар ұйымдастырмақ.




Соңғы жаңалықтар