ТҮРКСОЙ суреттер көрмесі (ISESCO) Ислам Білім, Ғылым және Мәдениет ұйымында ұйымдастырылады

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 22 желтоқсан . ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Халықаралық Түркі Мәдениет Ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және Ислам Білім, Ғылым және Мәдениет ұйымының (ISESCO) Бас хатшысы Әбдулазиз Осман Алтваижридің ағымдығы жылдың 22-23 желтоқсан аралығында Марокко астанасы Рабаттағы ISESCO -ның бас орталық ғимаратында кездесуі өтеді.

Бұл кездесу барысында ISESCO Бас хатшылығы Орталығында ТҮРКСОЙ суреттер көрмесі ұйымдастырылады. Аталған көрмеде ТҮРКСОЙ фотограф -суретшілердің кездесуіндегі жасалаған еңбектері, сонымен қатар АҚШ - та болып өткен Наурыз салтанаты шаралары, сондай -ақ Солтүстік Кипрдегі Опера күндері сияқты ТҮРКСОЙ -дың ұйымдастырған мәдени шаралары көпшілік назарына ұсынылатын болады.

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Әзірбайжанның Баку қаласында Ынтамақтастық Келісім хаттамасына қол қойған ТҮРКСОЙ және ISESCO Ислам мемлекеттері мен Түркітілдес мемлекеттер арасындағы екіжақты қарым- қатынастарын нығайта түсті.

Д. Қасейінов дүниежүзінде тойлана бастаған Наурыз мерекесінің Ислам әлемінде таныстырылымы үшін ұйымдастырылған жобалар ISESCO ұйымымен бірлікте атқарумен іске асқанын мәлімдеді.

ISESCO Бас хатшысы Алтваижри болса, бұл келісімнің Ислам мен Түркі мемлекеттері арасындағы қатынастардың нығайып, одан әрі даму жолында жасалған маңызды қадам екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар