ТҮРКСОЙ мен Түркі дүниесі муниципалитеттер бірлестігі өзара ынтымақтастық хаттамасына қол қойды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 16 ақпан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркі мәдениетінің зерттелуі, дамуы, келешек ұрпаққа жеткізілуі және әлемге танылуы үшін қызмет жасап жатқан ТҮРКСОЙ тағы бір ынтымақтастық келісіміне қол жеткізді.

ТҮРКСОЙ 15 ақпанда Түркі дүниесі муниципалитеттер бірлестігімен ынтымақтастық хаттамасына қол қойды.  

Түркі дүниесі муниципалитеттер бірлестігінің бас хатшысы Мустафа Башкурт және орынбасары Еюп муниципалитетінің басшысы Исмаил Кавунжуның қатысуымен өткен жиын ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов пен Түркі дүниесі муниципалитеттер бірлестігінің басшысы Нихат Зейбекчінің сөз сөйлеуімен басталды. Қасейінов өткен жылы Ыстамбұлда ұйымдастырылған Наурыз мерекесінде және қазақстандық қалпына келтіру мамандарының Түркиядағы екі апталық оқуы жобасында аталмыш бірлестіктің ТҮРКСОЙ-ға көрсеткен көмектерін айтып өтті. Сондай-ақ ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің жергілікті басқару органдарына Түркі дүниесі муниципалитеттер бірлестігіне мүше болуларын ұсынғанын және екі ұйым арасындағы ынтымақтастықтың ресми деңгейге көтерілуін қалайтынын айтты. Ал Нихат Зейбекчі бұл хаттаманың өзара қарым-қатынастың басталуы емес ынтымақтастықтың нығаюы деп білетінін айтты.

Тараптар бұл ынтымақтастық хаттамасы аясында түрлі жаңа жобаларда бірігіп қызметтер атқармақ

Соңғы жаңалықтар