ТҮРКСОЙ-дың жастар оркестрі Балқан түбегіне гастрольдік сапарға шықты

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Гастроль сапары аясында оркестр Черногорияның Цетинье қаласында өтетін «Экспрессиво» халықаралық фестиваліне қатысты. Бұл туралы «Анадолы» «Түрікменстан - Алтын ғасыр» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әзербайжандық композитор Мұстафа Мехмандаров бастаған жастар оркестрі Миливой Пикурицаның «Дивертисмент» әлемдік премьерасын ұсынды. Оркестр Цетиньеде белгілі скрипкашы Виктор Третьяковпен бір сахнада өнер көрсетті.

«Мен жас дарындар ұжымы туралы жиі жылы лебіз естимін, бірге репетиция жасап, олардың талантына тамсандым. Осы фестиваль аясында ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің өнерінен ләззат алдым. Бұдан тыс, осы шара аттай 38 жылдан соң досым Дүйсен Қасейіновпен кездесуіме себепші болды», - дейді Виктор Третьяков.

Концерт соңында ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов өнерсүйер қауымға тағзым ете: «Виктор Третьяков - биік өнер иесі, атақты музыкант. Оған біздің оркестрмен бірге өнер көрсеткені үшін алғыс білдіреміз», - деді.

ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің Балқан түбегіндегі турнесі 3 тамыз күні Сараеводағы концертпен жалғасады. Гастроль сапары 4 тамыз күні Зеницедегі музыкалық кешпен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар