ТҮРКСОЙ-да Әзербайжан демократиялық республикасының 100 жылдығы тойланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анкарада Халықаралық түрік мәдениеті ұйымының штаб-пәтерінде Әзербайжан Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай, арнайы бағдарлама ұйымдастырылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ТҮРКСОЙ ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шараға Түрік Республикасы президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчу, Әзербайжанның Түркиядағы елшісі Хазар Ибрагим, ТҮРКСОЙ бас хатшысының орынбасары, профессор Фырат Пурташ, «2018 қозғалысының» Түркиядағы өкілі Саиде Экмен, жазушы және журналист доктор Эльнур Нифталиев, сонымен қатар Әзербайжанның Қарулы Күштері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Фырат Пурташ өзінің кіріспе сөзінде Әзербайжан Демократиялық Республикасының 100 жылдығына арналған шараны ұйымдастырушы ретінде халық алдына шығып сөз сөйлеудің өзі үшін үлкен мәртебе екендігін айтты. Сонымен қатар ол осыдан 100 жыл бұрын Әзербайжанның негізін қалаған ұлы тұлғалар, интелегенция өкілдерін еске алудың өзі мақтаныш екендігін жеткізді.

Бағдарлама аясында  әзербайжанның белгілі журналист-жазушысы, «2018 қозғалысы» ұйымының құрылтайшыларының бірі, ғылым докторы, доцент Эльнур Нифталиевтің «Azerbaycan Siyasi Jurnalistikanın Teşekkülü ve İnkşafı (1900-1920-ci İller)» (Әзербайжандағы саяси журналистиканың қалыптасуы мен дамуы (1990-1920 ж.) кітабының тұсауы кесілді.

Нифталиев сөзінде идеялар эволюциясы, Әзербайжан республикасының негізін қалаушы ұлт зияткерлерінің еркін мемлекет құру идеясы сияқты мәселелер төңірегінде сөз қозғады.

Шара барысында сонымен қатар, әзербайжанның жас интелегенциясының өкілі Туран Гафарлы сөз сөйледі. Ол Әзербайжанның ұлт-азатттық күрес тарихына қатысты зерттеулеріне қысқаша шолу жасады.

Соңғы жаңалықтар