ТүркПА отырысында Анкара декларациясы қабылданды

None
None
АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған қазақстандық делегация Анкарада өтіп жатқан ТүркПА шаралары шеңберінде Ассамблеяның пленарлық отырысына қатысты.

Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, және Түркия парламентшілері бас қосқан отырыс негізінен ТүркПА-ны құру туралы тарихи Келісімнің 5 жылдығына арналды. Еске салсақ, түркітілдес мемлекеттердің Парламенттері арасындағы беделді ұйымның бастамашысы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болатын. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Алқалы жиынға қатысушылар ұйым аз ғана уақытта мемлекетаралық қатынастардың дамуы мен бауырлас елдерді жақындатуға үлес қосып, үнқатысу алаңына айналғанын атап өтті. Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин өз кезегінде Ассамблеяның алдағы уақыттағы іс-шараларының бағытына назар аударып, оның өзектілігін бағалады. «Ассамблея алдағы қызметінде айқын күн тәртібін нақтылап, өзінің мүмкіндігін кеңейту мақсатында белсене жұмыс істейтін болады»,- деді Нұрлан Нығматулин.

Ынтымақтастықтың жарқын болашағы бағытында Тараптар қауіпсіздік, инновация, мәдениет пен білім салаларында өзара байланысты тереңдете түсуді қуаттайды. Пленарлық отырыста Ассамблеяның басшылық құрамында болатын өзгерістермен таныстырылды.

ТүркПА-ның Бас Хатшысы болып алдағы төрт жылға Қазақстан Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары Жандос Асанов бірауыздан сайланды. ТүркПА-ның ендігі пленарлық отырысы келер жылы Баку қаласында өтетін болды. Түркі тілдес мемлекеттер парламентшілерінің кездесуінің қорытындысы бойынша Анкара декларациясы қабылданды.

Соңғы жаңалықтар