ТүркПА елдері антитеррористік заңнама бойынша ортақ ұстаным әзірлеуде

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - 31 қазанда Баку қаласында Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия парламентарийлері мен сарапшылары ТүркПА халықаралық қатынастар мен заң мәселелері бойынша комиссияның 6-шы отырысына қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе - ТүркПА-ға мүше елдердің антитеррористік заңнамалары бойынша ортақ ұстанымды жасау болды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан делегациясының басшысы Динар Нөкетаева терроризмге қарсы күресте халықаралық келісімдерге қатысудың қажеттілігі мен осы салада түркітілдес мемлекеттерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

 null Отырысқа қатысушылар терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы пікір алмасты, осы мәселе бойынша өзара құқықтық көмек туралы пікірталас өткізді. Бұдан басқа, комиссия 20-21 қарашада Түркияда өтетін 8-ші ТүркПА пленарлық отырысында ұсынылатын осы мәселе бойынша баяндама мен ұсынымдарды бекітті.null

Жиналыстың күн тәртібіне ТүркПА Хатшылығының қаржылық қызметі туралы ереженің жобасын қарау кірді.

Соңғы жаңалықтар