Түркияның жер сілкінісі болған аймағында 181 нысан қайта салынады

None
АНКАРА. ANADOLU-ҚазАқпарат – Түркияның солтүстік-батысындағы Дюздже провинциясында тұрғын үй қорына жүргізілген мониторинг барысында 5,9 балдық жер сілкінісінен қатты зақымданған 181 ғимарат анықталды. Бұл туралы Түркияның Қоршаған орта, қалақұрылысы және климаттың өзгеруі министрі Мурат Курум мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісі болған аймақтағы 13 185 ғимаратты қарап шығуға министрліктің 300 қызметкері жұмылдырылған.

«Барлық қираған нысан шұғыл түрде бұзылып, орнына жаңа, қауіпсіз және жер сілкінісіне төзімділері салынады. Апат аймағының тұрғындары қысқа мерзімде жаңа пәтерлерге ие болады», - деді министр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркияда 23 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 4:08-де Рихтер шкаласы бойынша 5,9 балдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 93 адамға жетті.


Соңғы жаңалықтар