Түркияның жағалау күзеті Эгей теңізінде 174 мигрантты құтқарды

None
None
АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат – 3 қыркүйекте Түркия жағалау күзетінің күштері Грекияның жағалау күзеті Эгей теңізіндегі түрік территориялық суларына ығыстырған 174 пана іздеушіні құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Балықесір провинциясының солтүстік-батысындағы Айвалық қаласының жағалауында теңізге резеңке қайықпен шыққан кемінде 28 заңсыз мигрант құтқарылды. Олар Кунда аралындағы жағалау күзетінің командалық пунктіне жеткізілді.

Сонымен қатар, Түркияның жағалау күзеті Айдын провинциясының Кушадасы ауданына қайықтар жіберді, онда 83 пана іздеуші екі қайықпен теңізде тұрып қалды деген ақпарат түскен. Құтқарылған босқындар жергілікті көші-қон қызметі бөлімшесіне жеткізілді.

Түркияның жағалау күзеті сонымен қатар Измир провинциясының Фок аймағында төрт пана іздеушіні және 59 адамды құтқарды. Жоспарлы тексерулерден кейін олар провинцияның көші-қон органына жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар