Түркияның танымал «Шамрок» компаниясы Қазақстанның «Оңтүстік» АЭА-ға инвестицияға құюға дайын

None
None
ЫСТАМБҰЛ. ҚазАқпарат- Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың индустриялдық аймақтарды дамыту жөнінде тапсырмасын іске асыру аясында, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев Түркияның танымал «Шамрок» компаниясының басшысы Хасан Турханмен кездесті.

«Шамрок» корпорациясы Оңтүстік Қазақстан облысында өңдірістік нысандарын құру, соның ішінде корпорацияның серіктестік қатысуымен газтурбиналық электрстансасы мен мақта талшықтарын өңдіру зауыты және тоқыма фабрикасының құрылысы, сонымен қатар «Онтүстік» арнайы экономикалық аймағын басқаруға жұмылдыру жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Кездесу барысында елші Ж. Түймебаев Қазақстанның қазіргі жағдайы мен келешек экономикалық даму перспективалары, ұлттық иновациялық әлеуеті және шетелдік бизнес пен инвесторлар үшін жасалған мүмкіндіктерді атап өтті. Сонымен қатар, елші сұхбаттасын «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында атқарылып жатқан ұлттық және сыртқы саяси бастамалармен таныстырды.

«Біз үшін Қазақстан нарығы қызығушылық тудырады. Ең бастысы, Қазақстан мен Түркия халықтарының тарихы, мәдениеті, түбі бір - ортақ тілінің болуы осыған жағдай жасап отыр. «Қазақстан-2050» Стратегиясы өз кезегінде біздің бауырлас Қазақстанға инвестиция салуға жігерлендірді»,- деді Хасан Турхан.

«Шамрок» корпорациясы Түркияда 1997 жылдан бері тоқыма өңдірісі, құрылыс, қағаз өңімдерін және машина жабдықтарын өңдіру салаларында қызмет етуде. Корпорацияның түрлі фирмаларында 1000-нан астам адам жұмыс істейді. Негізгі өнім өткізу нарығы Италия, Франция, Германия, Испания, АҚШ, Ресей және Таяу Шығыс елдері болып табылады.

Соңғы жаңалықтар