Түркияның «SKY» авиакомпаниясының банкротқа ұшырауынан зардап шеккен жолаушылар түгелдей елге оралды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 12 маусым. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын хабарланғандай, Түркияның «SKY» авиакомпаниясының банкротқа ұшырауына байланысты бір жарым мыңға жуық қазақстандық туристер Анталия курорттарынан елге оралу мәселесінде қиындыққа тап болған еді.

ҚР Үкіметі азаматтарды елге жеткізу үшін барлық жедел күштерді жұмылдырып, ведомстволар мен Түркиядағы қазақстандық елшілік тарапынан тиісті шаралар қолға алынды.

Елшіліктің өтініштері мен бауырлас Қазақстан азаматтарының проблемалары назардан тыс қалмай, маусымның 9-нан бастап Түркия тарапы Ақтөбе, Астана және Алматы қалаларына тегін негізде үш чартерлік рейсті жүзеге асыру үшін сыйымдылығы 219 жолаушылық «Airbus 320» Түркия азаматтық авиациясының ұшағын бөлу туралы шешім қабылдады.

10-11 маусым күні алғашқы екі ұшақ Ақтөбе және Астана қалаларына 270 қазақстандықты елге жеткізгенін естеріңізге сала кетейік.

Ал 134 жолаушы отырған соңғы ұшақ кеше сағат 16.15-те Алматыға аттандырылды.

Сөйтіп, банкротқа ұшыраған компанияның барлық жолаушылары жеткізілді. Елге аттанғалы жатқан туристер республика басшылығына, қазақстандық дипломаттарға, сондай-ақ бауырлас Түркия үкіметіне алғыстарын білдірді.

«SKYAIR» -дің банкротқа ұшырауынан зардап шеккен неміс жолаушылары да елдеріне кедергісіз оралды.

Соңғы жаңалықтар