Түркияның шығысында боран мен қарға байланысты жол жабылды

None
None
ЭРЗУРУМ. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат – Түркияның шығысында үш тәуліктен бері қар жауып, боран соғып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Аязға байланысты қоғамдық көліктер кешігіп, елді мекендерде электр қуаты сөніп жатыр.

Эрзурум провинциясында жағдай аса қиын, онда көлік қызметтері 525 елді мекенмен көлік қатынасын шектейтінін хабарлады.

Карс провинциясында жолдың бір бөлігі тазаланды.

Бірқатар кенттердегі білім мекемелерінде бір күнге демалыс берілді.

Өңірлік автомобиль жолдары басқармасының бригадалары қар тазалау жұмысын жалғастырып жатыр.

Провинцияның 144 ауылымен байланыс уақытша тоқтатылды. Эрзинджанда 37 ауылдың жолы жабылды.


Соңғы жаңалықтар