Түркияның шет елдердегі азаматтары президент сайлауында дауыс беруді бастады

None
Фото: aa.com.tr
АНКАРА. ҚазАқпарат – Сенбі, 20 мамыр күні Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңі аясында шет мемлекеттерде және шекарамаңы пунктерде дауыс беру процесі басталды. ҚазАқпарат бұл туралы Анадолыға сілтеме жасап хабарлайды.

Түркияның Жоғары сайлау комиссиясының (YSK) мәліметінше, әлемнің 73 елінде 167 учаске жұмысын бастады.

Түркияның шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде дауыс беру 24 мамырға дейін жалғасады.

Сайлау республиканың шекарамаңы пунктерінде жер үстіндегі бақылау-өткізу бекеттерінде, әуежайлар мен теңіз айлақтарында 28 мамыр, сағат 17.00-ге дейін жалғасады.

Бюллетеньдерді Анкараға жоғары қауіпсіздік режимін сақтай отырып, дипломатиялық курьерлер жеткізетін болады.

Дауыстарды санау 28 мамыр, сағат 17.00-ден кейін – Түркияның өз ішінде дауыс беру аяқталған уақытта басталады.

Бұған дейін хабарланғандай, 14 мамыр күні Түркияда өткен президент сайлауында электораттың 87,04 пайызы дауыс берді, 1 млн 37 мың 104 парақша жарамсыз деп танылды. Бюллетеньдерді толық санау қорытындысы бойынша сайлаудың бірінші кезеңінде Түркияның іс басындағы басшысы Режеп Тайип Ердоған – 49,52%, оппозициялық Халық-республикалық партиясының көшбасшысы Кемаль Кылычдароглу – 44,88%, «Альянс АТА» блогынан кандидат Синан Оган – 5,17%, «Отан» партиясының өкілі Мухаррем Индже 0,43 дауыс жинады.


Соңғы жаңалықтар