Түркияның оңтүстік шығысында әскери қызметкерлер мінген көлік минаға ұрынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күрдістан Жұмысшылар партиясы (КЖП) содырлары қойған минаға ұрынған көлікте болған жарылыс және кейіннен Мардиннің оңтүстік шығыс провинциясындағы атыс салдарынан бір түрік әскери қызметкерлі қаза тауып, сегізі жарақаттанды., деп хабарлайды Sabah. газеті.

Содырлар Киркук-Джейхан мұнай құбырына шабуыл жасап, оны күзетіп, қосымша күш шақыртқан қауіпсіздік қызметкерлеріне оқ жаудырды. Оларға көмекке келе жатқан әскери қызметкерлердің бір көлігі содырлар қойған минадан жарылды, одан кейін атыс басталып кетті.

Жарақаттанғандардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Көлікке шабуыл жасаған содырларды іздеу іс-қимылдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды РИА «Новости».

Соңғы жаңалықтар