Түркияның оңтүстігінде 4,2 магнитудасымен жер сілкінді

None
АНКАРА. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат – Сенбі күні Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында 4,2 магнитудасымен жер сілкінді. Бұл туралы Анадолы Табиғи апаттар және төтенше жағдайлармен күрес жөніндегі басқармаға (AFAD) сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 12:37-де тіркелді. Ошағы Саимбейли ауданында болды. Тереңдігі – 7 км.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7 балдан асатын екі жойқын зілзала болды. Тербеліс елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда сезілді. Осы табиғи апаттан Түркияға келген шығын 105 млрд доллардан асты.

Түркияда 6 ақпан – 31 наурыз аралығында 22,5 мың жерасты дүмпуі тіркелді.

Соңғы ресми деректерге сәйкес, зілзала 50 096 адамның өмірін қиды. 107 204 адам зардап шекті.

Сейсмикалық белсенділік Орта Азияда байқалып жатыр.


Соңғы жаңалықтар