Түркияның Мармарис курортында жер сілкінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияның оңтүстік-батысында орналасқан Мугла провинциясында магнитудасы 5,2 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 20:43-те тіркелген.

Зілзала ошағы Мармарис уезінде орналасқан. Оның тереңдігі - 61,44 шақырым.


Соңғы жаңалықтар