Түркияның Конья қаласында Наурыз мейрамы тойланды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. ҚазАқпарат - Түркияның Конья қаласында Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен халықаралық Наурыз мерекесіне орай түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Салтанатты шараларға провинция басшылары, университет ректорлары, ҚР-ның Елшілігі және Анкарада аккредитацияланған дипломатиялық корпус өкілдері, мәдениет, қоғам, академиялық қайраткерлер, сонымен қатар жергілікті қазақ диаспорасы мен Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер қатысты. Аталмыш шара Коньядағы қазақ диаспорасының мәдени-әлеуметтік Орталығының, сондай-ақ Түркиядағы ноғай ұлттық Бірлестігінің ұймдастыруымен тарихи Конья қаласының мәдениет саябағында болып өтті. Мерекелік шараларда ұлттық әдет-ғұрыптар, ұлттық ойындар көрсетіліп, сонымен қатар қазақ диаспорасының жергілікті қазақ ауылдарының өкілдері қатысушыларға қазақтың ұлттық тағамдары мен сусындарын ұсынды. Сонымен қатар арнайы шақырумен келген қазақстандық фольклорлық ансамбльдер қазақтың күйлері мен билерін, Наурыз мейрамы тақырыбындағы әндерді орындап, түркиялық көрермендердің назарын баурап алды.

Провинция басшылары өз кезегінде ежелгі Наурыз мейрамының Түркияда тойлануының маңыздылығын атап, сондай-ақ бұл күннің түркі халықтары мен ұлыстары арасында мәдени қатынастарды күшейтіп, дамытудағы рөлінің зор екендігін атап өтті. Оның ішінде Қазақстанның орны ерекше екендігін баса айтты. Сондай-ақ Қазақстанның көне мыңжылдық тарихы мен дәстүрлерді жаңғыртудағы жоғары рөлін атап, күн мен түннің теңесу күні - Наурыз мерекесінің мемлекеттік деңгейде де тойланып, сондай-ақ соңғы жылдары бұл мейрамның Түркияда да кең аталып өтілетіні тілге тиек етілді. Конья қаласының тұрғындары бұл тарихи мерекенің маңыздылығын сезініп, аталмыш шаралардан көптеген жылы әсерлер алды.

Соңғы жаңалықтар