Түркияның Кайсери қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркияның Кайсери қаласында Қазақстан Республикасының Құрметтi консулдығығының ашылуы салтанаты өттi.

Кайсери қаласындағы Қазақстанның Құрметтi консулы лауазымына, бас кеңсесi Кайсериде орналасқан ірі серіктестік «Бойдак Холдинг» директорлар Кеңесiнiң төрағасы, сонымен қатар Түркияның Палаталар мен биржаларын басқару одағының мүшесi Түркия азаматы Хаджы Бойдак тағайындалды.

 Холдинг - сауда, банк ісі, тоқыма, болаттан жасалған металл өнiмдерiнiң өндірісі, химиялық заттар мен жиһаз саласындағы қызметтi жүзеге асырады.

Салтанатты рәсiмде жергiлiктi басшылар, белгiлi қоғамдық-саяси қайраткерлер, жергiлiктi iскер топтар мен БАҚ өкiлдері, сондай-ақ Кайсеридің ЖОО-да білім алатын қазақстандық студенттер қатысты.

Түркиядағы Қазақстан Елшiсi Ж.Түймебаев өз құттықтау сөзiнде, Қазақстан - Түркия ынтымақтастығы жемiстi дамуда екендігін және стратегиялық сипатқа иелігін, сондай-ақ Құрметтi консулдық оны дамыту үшiн түбегейлi рөл атқаратынын атап өттi.

Сондай-ақ Ж.Түймебаев Қазақстанның экономикалық және саяси тұрақтылығына тоқтала отырып, Кайсеридегі ҚРы Құрметтi консулдығының қызметi Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың кеңейуiне мүмкiндiк туғызатындығын жеткізді.

Өз кезегiнде, Кайсери қаласындағы Қазақстанның Құрметтi консулы Х.Бойдак Қазақстан басшыларының осындай сенiм білдіргеніне алғыс айтып, қолда бар мүмкіндігін қолдана отырып, екі жақтың ары қарай қарым-қатынасын тереңдету үшiн барлық күш жігерін салуға дайын екендігін білдірдi.

Соңғы жаңалықтар