Түркияның Қара теңіз аймағындағы су тасқынынан опат болғандар саны 44 -ке жетті

None
None
АНКАРА. Анадолы -ҚазАқпарат - Түркияның Қара теңіз аймағындағы су тасқыны мен селден зардап шеккендердің саны 44 адамға жетті. Бұл туралы сенбіде Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және басқару басқармасы (AFAD) мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, солтүстіктегі Кастамону провинциясында 36 адам, Синопта 7 адам, Бартинде бір жергілікті тұрғын қаза тапты.

AFAD барлық тиісті қызметтердің қызметкерлері жергілікті жерде екенін және адамдарды эвакуациялауды, іздестіруді және құтқаруды жалғастырып жатқанын айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше елдің солтүстігіндегі табиғи апат аймағына барды. Мемлекет басшысы елдің солтүстігі мен оңтүстігіндегі табиғи апаттардың салдарын жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сендірді.

Түркияның солтүстігінде 11 тамызда толассыз жауған жаңбыр сел, көшкін және су тасқынына себеп болды.


Соңғы жаңалықтар