Түркияның Кахраманмараш провинциясында жер сілкінді

None
АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркияның Кахраманмараш провинциясы Гёксун ауданында бүгін, түнгі сағат 03:39-да жер сілкінді. ҚазАқпарат бұл туралы Анадолыға сілтеме жасап хабарлайды.

Табиғи апаттармен және төтенше жағдайлар мен күрес жөніндегі басқарманың (AFAD) мәліметінше, 4,7 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы Кахраманмараш провинциясының Гёксун ауданында орналасты.

Жерасты дүмпуінің ошағы 7,34 км тереңдікте орналасты.

Еске салайық, Кахраманмарашта 21 наурызда - 4,1 қуатымен, 23 наурызда 4,3 және 5,3 магнитудасымен жер сілкіністері тіркелді.

6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7 балдан асатын екі жойқын зілзала болды. Тербеліс елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда сезілді. Осы табиғи апаттан Түркияға келген шығын 105 млрд доллардан асты.

Соңғы ресми деректерге сәйкес, зілзала 50 096 адамның өмірін қиды. 107 204 адам зардап шекті.

Сейсмикалық белсенділік Орта Азияда байқалып жатыр.


Соңғы жаңалықтар