Түркияның Хатай қаласында тағы жер сілкінді

None
АНКАРА. Анадолы - ҚазАқпарат – Түркияның Хатай қаласында 5,0 магнитудасымен жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«Дүлей апаттармен және төтенше жағдайлармен күрес жөніндегі басқарма (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі Хатай қаласының Дефна ауданында болды. Жерасты дүмпуінің тереңдігі – 9,76 км», - делінген Анадолы мәліметінде.

Еске салайық, 20 ақпан күні Дефне ауданында болған 6,4 балдық жер сілкінісінен 6 адам қаза тауып, 562 тұрғын зардап шеккен болатын.

6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш аймағында болған жойқын зілзаладан мерт болғандар саны соңғы мәлімет бойынша 42 310 адамға жетті.


Соңғы жаңалықтар