Түркияның «Гази» университетінде Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастар орнауының 20 жылдығына арналған суреттер көрмесі ашылды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 27 наурыз. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастар орнауының 20 жылдығын тойлау шеңберінде Түркияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі - «Гази» университетінде Елшілік Қазақстан және қазақстан-түрік ынтымақтастығын бейнелейтін суреттер көрмесін ұйымдастырды.

Ректорат ғимаратындағы қабылдаулар өтетін үлкен залда оқытушы құрамның, студенттер мен келушілердің назарына екіжақты ынтымақтастықтың негізгі кезеңдерінен, Астана, Алматы қалаларының көрікті жерлері, мәдени және тарихи ескерткіштер, Қазақстанның қайталанбайтын және бірегей табиғаты мен жануарлар дүниесінен көрініс беретін 50 шақты фотосурет  ұсынылды.

Көрменің ашылу рәсіміне университет басшылығы, оқытушылар құрамы және студенттер, қаланың академиялық топтарының өкілдері қатысты.

Көрме бір апта бойы жалғасады.

Соңғы жаңалықтар