Түркияның Эрзурум қаласындағы мектепке Әл-Фараби есімі берілді

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркияның Эрзурум қаласындағы бульварға және бастауыш мектепке Әл-Фараби есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Түркиядағы Елшілігіне сілтеме жасап.

«Түркі әлемінің дара тұлғасы, ұлы ойшыл бабамыз Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай әлемнің екінші ұстазы ретінде танылған ғұламаның есімі мен мұрасын дәріптеу мақсатында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, ЭкоЕуразия қауымдастығы және Түркия тіл және әдебиет қауымдастығы Эрзурум қаласындағы өкілдігі бастамасымен Түркияның Эрзурум қаласындағы бульварға және бастауыш мектепке Әл-Фараби бабамыздың есімі берілді», делінген елшіліктің Facebook -тегі парақшасында.


Соңғы жаңалықтар