Түркияның бұрынғы президенті 32 жылдан соң сотталады

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/-  Түркия соты елдің экс президенті, генерал Кенан Эвренге қатысты айыптау сот ісін жүргізуде.

Ол Түркияда 1980 жылы төңкерісті басқарып, әскери Ұлттық Қауіпсіздік  Кеңесі тарапынан ғана мақұлданған партиялар қатыса алатын сайлауда 1983 жылы мемлекет басшысы болған еді.

95 жастағы экс президент Кенан Эврен және 87 жастағы Әскери әуе күштерінің бұрынғы басшысы Тахсин Шахинкая Түркия Үкіметіне қарсы қылмыс жасады деген іс қаралуда.

Түркияда бұл  бұрынғы үкіметтің ресми өкілдерін жауапқа тартудың тұңғыш  оқиғасы болып отыр.

Соңғы жаңалықтар