Түркияның Бурса өндірістік аймағында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 27 ақпан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркияда Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қарым-қатынастың орнағанына 20 жыл толуына орай өткізіліп жатқан іс-шаралар жалғасуда.

Аталмыш іс-шаралар барысында Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев Бурса аймағында сапармен болып қайтты. Сапар барысында ол Қазақстанның Құрметті консулдығының салтанатты ашылуына қатысты. Қазақстанның Бурса аймағындағы құрметті консулы болып түркиялық іскер, «Чалык Холдинг» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ахмет Чалык тағайындалды. 

Бурса аймағы химиялық, жиһаз және құрылыс салаларындағы кәсіпорындардың орналасқан, күшті өнеркәсіптік базасымен әйгілі.  Сондай-ақ аймақта автокөлік, машинақұрылысы және металлургия салалары да дамыған. Бурсада «Рено» және «Фиат» автокөліктерін және олардың бөлшектерін жасап шығаратын зауыттар жұмыс жасауда. Жалпы Бурса Түркияның автокөлік экспортының 75 пайызын иеленеді. Мұнда 3 мың кәсіпорыннан тұратын 13  өндірістік аймақ, 70 мың шағын және орта бизнес өкілдері өз қызметін атқаруда.

Аталмыш сапар барысында Жансейіт Түймебаев Құрметті консулдықтың ашылуына арнайы келген Түркия премьер-министрінің орынбасары Бюлент Арынчпен, аймақ губернаторы Шахабеттин Харпутпен, Бурса қаласының мэрі Реджеп Алтепемен, сауда-өндірістік палатасының төрағасы Желал Сөнмезбен жүздесті. Бұл кездесуде стратегиялық әріптес ретінде дамып жатқан қазақ-түрік ынтымақтастығының негізгі бағыттарына қатысты мәселелер талқыланды.

Бурса аймағы мен Шығыс Қазақстан облысының 2011 жылғы Хаттамаға байланысты бауырластық қарым-қатынаста екенін айта кеткен жөн.  Өткен жылы Бурсаға сапары барысында  Шығыс Қазақстан облысы әкімі Бердібек Сапарбаев пен  Бурса губернаторы Ш. Харпут аталмыш  Хаттамаға қол қойған болатын.

Үстіміздегі жылдың мамыр айында ҚР Түркиядағы елшілігі тарапынан  Бурса басшылығының  бастауымен болатын делегацияның Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар