Түркияның бронды машина жасайтын компаниясы Қазақстанға технологиясын енгізуге ниетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның бронды машина жасайтын «Отокар» компаниясы Қазақстанға технологиясын енгізіп, бронды машиналарды шығаруды көздеп отыр. Бұл туралы «KADEX-2018» V халықаралық көрмесінде «Отокар» компаниясының бас директоры Сердар Гергюч мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен, «KADEX-2018» көрмесіне қатысып отырғанымызды Қазақстан тарапының бізге көрсеткен үлкен құрметі деп білеміз. «Отокар» - бронды машиналарды шығарушы болып табылады. Өнімдерінің бірқатар түрлері бар. Компания машиналарының салмағы - 3-60 тоннаға дейін жетеді. Дөңгелектерінің формасы - 4-4, 6-6, 8-8-дік қалыпта. Отокар - «Коч» холдингіне енетін жеке компания. Қазіргі уақытта «Отокар» өндіріп жатқан бронды машиналар 25 елдің, атап айтқанда Африканың, Американың, Парсы шығанағынан бастап, Азия елдерінің әскери құрылымдарында бар. Дәл қазіргі таңда Парсы шығанағы аймағында «Отокар» өзінің жергілікті компанияларын құрып, 8-8-дік бронды машиналарды шығаруда», - дейді компаниясы бас директоры.

nullСердар Гергючтың айтуынша, отокарлық бронды машиналар көп болмаса да, Қазақстанға жеткізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, компанияның «Кобра-2» техникасы Қазақстанның Қарулы Күштерінде 5 жылдан бері қолданылып келеді. Көрмелерде ғана емес, шынайы экстремалды жағдайда машиналарымыздың жоғары деңгейде қызмет етіп жатқанын атап өткіміз келеді», - дейді ол.

null
Ол сонымен қатар, Түркия мен Қазақстан географиялық тұрғыда алыста жатқанымен, компания үшін біздің елде біршама әлеует барын атап өтті.

«Біздің негізгі мақсат - технологияларды беру арқылы Қазақстан аумағында машиналардың жергілікті деңгейде өндірілуіне қол жеткізу. «Коч» холдингі Қазақстан экономикасына инвестиция салуды көздейді.

null«Біздің «Кобра-2» техникасы әлемде үлкен сұранысқа ие. Тұтынушыларымыз разы. Біздің өнімдерінің өндірісі мен сатылымымен шектелмейміз. Машиналарымыз әртүрлі климаттық жағдайда әлемнің түкпір-түкпірінде қолданыста. Алғашқы қадам ретінде Қазақстан аумағында дөңгелектерінің қалпы 8-8-дік бронды машиналарды өндіруді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта Қазақстан басшылығындағы жауапты өкілдермен келіссөздер жүргізілуде. Қазақстанда жоғары білікті инженерлер жеткілікті», - дейді Сердар Гергюч.

Көрмені ұйымдастырушы - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ.

Еске сала кетсек,  бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «KADEX-2018» V халықаралық көрмесі ашылды.  «KADEX-2018» V халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі 26 мамырға дейін жалғасады. Көрмеге Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Түркия, Иордания, Әзербайжан, Израиль, Италия сынды 40-тан астам елдердің өкілдері қатысады. Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сияқты әлемнің 28 елінің 318 кәсіпорны өз өнімдерін ұсынады.  

Соңғы жаңалықтар