Түркияның бірінші ханымы Астанада садақ атып көрді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылу салтанатына қатысу үшін Қазақстан астанасына Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған отбасымен - жұбайы Эмине Ердоғанмен және ұлы Неджмеддин Билалмен бірге келді. Қонақтар ЭКСПО көрмесін ғана емес, Астананың көрікті жерлерін де аралап, этноауылға барды. Түркияның Қазақстандағы Елшілігі Фейсбуктегі ресми парақшасында осы сапарда түсірілген фотолармен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркияның бірінші ханымы ұлымен бірге этноауылда киіз үйлерді аралап, қолөнер шеберлерінің жұмыстарын тамашалады, құсбегілермен әңгімелесіп, садақ та атып көрді. Эмине Ердоған астаналықтармен және қала қонақтарымен суретке түсіп, үлкендерге құрмет білдірді. 





Соңғы жаңалықтар