Түркияның батысында қуатты жер сілкінісі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияның батысындағы Маниса провинциясында магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардабын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен дүйсенбі таңертең 05:43-те тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Акхисар ауданында, 7 км тереңдікте орналасқан.


Соңғы жаңалықтар